Мәскеу әуежайларында ауа райына байланысты 220-ға жуық рейс бөгелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Мәскеу әуежайларында 17 рейс жолдан қалды, деп хабарлайды ТАСС.

Сағат 22:30-дағы жағдай бойынша, Шереметьево әуежайында 150 рейс уақытынан кешіккен. Домодедово әуежайында 47 және Внуковода 20 рейс уақытынан кешіктірілді.

Онлайн-таблоның мәліметтеріне қарағанда, Шереметьевода 67 рей бөгелді.

Сенбі күні Мәскеу өңірін басқан қардың қалыңдығы таң ата, 4 ақпан күні 43 см-ге жетті. Жексенбі күні қар жаууын жалғастырды.

Синоптиктердің мәліметтері бойынша, Мәскеуде ауа температурасы 4 ақпан күні 7-ден 2 градусқа дейін төмен болады. Кешкісін аяз үдей түсіп, 12 градусқа жетеді. Мәскеу маңында термометр бағаны 8 градусқа дейін төмендейді.