Мәскеу әуежайында екі ұшақ соқтығысты

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Мәскеудің Шереметьево әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды, деп хабарлайды ТАСС.

«Шереметьево әуежайының ұшу-қону жолағында екі ұшақтың қанаттары бір-біріне тиіп кеткен. Қазіргі кезде жолаушылар эвакуацияланып, ланерлерді техниктер қарап жатыр. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ»- делінген агенттік хабарламасында.