«Ресей ІІМ желілік басқармасының Шереметьево әуежайындағы кезекшілік бөліміне мәскеулік коммерциялық банктің бірінің өкілі жүктің біршама бөлігінің жетіспейтіндігіне шағымданған.
Ер адам өткен аптада ірі сомадағы қаржы -5 миллионға жуық еуроны Шереметьево әуежайы арқылы Қазақстан Республикасына жібермек болған.
Ұшақ тиісті орынға жеткенен кейін жүк қабылдаушы 56 мың 500 еуроның жетіпсейтіндігін анықтаған», - деп атап өтті И.Волк.
Оның айтуынша, полицейлер күдікті ретінде әуежайда жұмыс істейтін Подмосковья тұрғынын ұстаған.
« Ер адам істеген қылмысын мойындады. Оны тексеру барысында 10 мың еуро табылды, қалған сома оның үйінен шықты», -деді И.Волк.