Пакеттің жаңа иесі «Нефтегазпрод» ЖАҚ атанды. Аукционға қатысуға өтінімді «Мегаполис» ЖАҚ мен «Сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру орталығы» берді, бірақ олар жеңімпаз ұсынған бағаға қарсы баға қоюға тырыспады да.
СПАРК деректеріне сүйенсек, «Нефтегазпрод» ЖАҚ-тың 100 пайыздық иегері Варвара Филиппова болып табылады. Компания Мәскеуде 2001 жылы тіркелген. «Нефтегазпрод» ЖАҚ-тың негізгі қызмет түрлеріне тіркелген кезде азық-түлік өнімдерін көтерме сату, мұнай шикізатын, мұнай өнімдерін өндіру көрсетілді. Компанияның жарғылық капиталы 20 мың руб. құрайды, таза активтердің құны - 131, 303 млн. руб. «Нефтегазпрод» ЖАҚ «Паритет-СК» сақтандыру компаниясының бірлесіп иемденушісі (29 пайыз) болып табылады.
Бастапқыда «Олимпийский» СК акцияларын сату аукционын 2012 жылы қарашада өткізбекші болған, сауда-саттық өтінім болмаған соң бірнеше рет кейінге қалдырылған.
Қазір спорт кешені акциясының 27,456%-ы «Траст» жоғары лигасна» тиесілі.
«Олимпийский» орталық алаңына 30 мың көрермен сыяды, стандартты футбол алаңы бар. Кешеннің тамаша бір жері - екі іс-шараны бір уақытта өткізуге болатындай етіп залды екі автономды бөлікке бөлу мүмкіндігі бар.