Мәскеу-Хельсинки рейсінде жолаушы естен танып, ұшақ Петербургке қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуден Хельсинкиге рейс жасаған 'Аэрофлот' ұшағы Петербургтегі Пулково әуежайына шұғыл қонды. Ұшақ бортындағы жолаушылардың бірі ес-түсінен айырылған. Бұл туралы ТАСС жедел қызмет дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

«Мәскеу-Хельсинки рейсінің жолаушысы ұшып бара жатқан кезде мазасы қашып, ес-түсінен айырылған.  Ұшақ Санкт-Петербургке шұғыл қонды», - деді агенттіктің дереккөзі.

Ол зардап шегушіні жедел жәрдем алып кеткенін нақтылады.

Рейс әрі қарай жалғасты.