19 желтоқсан күні РФ Президенті Дмитрий Медведев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі (Беларус, Қазақстан, Ресей) және Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Мемлекетаралық кеңесінің мемлекет басшылары деңгейінде өтетін отырыстарына қатысады.
Бұдан басқа, 20 желтоқсан күні Д.Медведев ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясында және Достастықтың 20 жылдығына арналған ТМД мемлекет басшыларының формалды емес басқосуында болады.