Оның хабарлауынша, қауіпті жарылғыш зат Мәскеу қаласындағы Шереметьевский көшесі мен 4-ші Марина тоғайы шолақ көшесінің қиылысында жергілікті уақытпен сағат 10.15-те табылған. «Оқиға орнын құқық қорғау органдарының қызметкеррері қоршауға алды, жұмысшылар қауіпсіз жерге көшірілді», - деп хабарлаған ақпарат агенттігіне сұхбат беруші. Минаны залалсыздандыру үшін арнайы мамандар шақырылған.
16:58, 18 Сәуір 2011
Мәскеу қаласының солтүстігінде соғыс кезінен қалған мина табылды
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні жұмысшылар Мәскеу қаласының солтүстігінде Ұлы Отан соғысы кезінен қалған минаны тауып алды. Бұл туралы РИА Жаңалықтар агенттігіне Мәскеу қаласының құқық қорғау органындағы дерек көзі хабарлаған.