Мәскеу кеден одағындағы транзит жүйесі туралы келісімге қол қоюға дайын

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей президенті Владимир Путин ЕАЭО және үшінші тараптың кедендік транзит жүйесі туралы келісімге қол қоюды мақұлдады.

Фото: Александр Павский / Kazinform

«Ресей үкіметінің ЕАЭО және үшінші тараптың (үшінші тұлғалардың) кедендік транзит жүйесі туралы келісімге қол қою туралы ұсынысы қабылдансын» делінген құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланған бұйрықта.

Келісімге 8 мамырда Мәскеуде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында қол қойылады деп күтіліп отыр. 

Шешім реттеу әрекеттерін және бизнестің үстеме шығындарын азайту тасымалдау процедурасын жеңілдетеді және оңтайландыруға мүмкіндік береді.