180 адамнан құралған коммуналшылардың 90-ға жуық бригадасы көшедегі сағаттарды ауыстыруға жұмылдырылады. Себебі, ол сағаттар тек қолмен түзетіледі. Мұндай механизмдерді бригадалар автомұнаралар көмегімен атқарады. Мамандар биікте тұрған сағаттарға шығып, олардың корпустарын ашып, электронды блокқа басқару пультін қосады. Содан кейін жаңа уақытты енгізеді. Сондай-ақ Мәскеуде сағат тілін автоматты режимде ауыстыратын механизмдер де қарастырылған. Егер мұндай уақыт ауыстыру әрекеті дұрыс жүргізілмесе, мамандар оның бұзылғандығы жайлы Уақыт қызметінің диспетчеріне хабарлайды, бұл істі әрі қарай электрмонтаждау бригадасы қолға алады.
11:31, 25 Қазан 2014
Мәскеу көшелеріндегі сағаттар қысқы уақытқа қолмен көшіріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу көшелеріндегі мыңнан астам сағат жексенбіге қараған түні қолмен бір сағатқа кейін ауыстырылады. Мәскеудің жылу-энергетикалық шаруашылығы департаментінен хабарлағандай, мұнымен Уақыт қызметінің арнайы бригадалары айналысады, деп хабарлады ТАСС.