Мәскеу көшесіндегі жол қозғалысы 10 күнге шектеледі - Астана

АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Мәскеу көшесінің Потанина көшесінен Жеңіс даңғылына дейінгі бөлігінде жол қозғалысы жабылады,

деп хабарлады astana.kz сайты елордалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап шаруашылық-тұрмыстық кәріздік жүйесін салуға байланысты Мәскеу көшесінің Потанина көшесінен Жеңіс даңғылына дейінгі бөлігінде жол қозғалысы шектеледі.

Жол 10 күнге жабылады.