Мәскеу-Қызылорда бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу - Қызылорда бағытында жаңа әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«Аэрофлот» әуекомпаниясы көктемгі-жазғы навигация маусымынан бастап Мәскеу-Қызылорда бағытында жаңа әуе рейсін ашатын болады. Ресейлік компания Boing-737-800 (Airbus қосымша) әуе кемесімен аптасына төрт рет ұшуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта аталған бағыттағы әуе рейсі бойынша келісу шаралары өтіп жатыр», - делінген комитеттің Фейсбуктегі парақшасында жарияланған ақпарда.