Мәскеу маңында бүгін 55 мың тұрғындық жаңа қаланың іргетасы қаланады

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеу облысының оңтүстігінде 55 тұрғынға арналған жаңа қаланың іргетасы қаланады, деп хабарлайды «Авторадио».

Жоба бойынша Жаңа Ступино деп аталатын жаңа қала Мәскеу қаласынан 70 километр жерде «Дон» тас жолының бойында орналасатын болады. Осы жерде алдағы уақытта индустриялық парк құрылып, экологиялық таза қауіпсіз өндіріс дамитын болады.