«Гидроплан мен Robinson тікұшағы 8 тамызда мәскеу уақыты бойынша сағат 20.06-да бір-бірімен соқтығысып қалған, салдарынан екеуі де суға құлаған, бір адам қаза тапты», делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметтер бойынша су бетінен ұшып шыққан гидроплан үстіңгі жағында тікұшақтың ұшып бара жатқанын байқамай, көтеріле бастаған, нәтижесінде соқтығысу орын алған.
Тікұшақ бортында төрт адам, ал ұшақ бортында бес адам болған. Аймақтық құқық қорғау органдары бұл адамдардың тағдыры әзірге белгісіз екенін айтады. Тек 14 жастағы бойжеткеннің опат болғаны анықталған.
Қазір оқиғаға қатысты тергеу алды тексеру жүргізіліп жатыр.