18:09, 19 Наурыз 2009
Мәскеу маңында метро салынуы мүмкін
МӘСКЕУ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат – Егер Мәскеу облысының әкімшілігі тиісті қаржы бөлсе, «Метроқұрылыс» кәсіпорыны Мәскеу маңында жаңа стансылар салуға әзір. Бұл туралы бүгін метрополитен бастығы Дмитрий Гаев мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап. «Думаны шақырыңыздар, ақша табыңыздар, біз Мытищиден болса да жерасты жолын салуға дайынбыз», - деді ол.