Мәскеу маңында ұшақ апатты күйде қонып, 55 адам зардап шекті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-ТАСС – Ресейдің «Уральские авиалинии» әуе компаниясының Airbus A321 жолаушылар ұшағы Жуковский әуежайы аумағына апатты күйде қонды. Ұшақ Симферопольге ұшып бара жатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Жеделқызмет дерегі бойынша, ол жолақтан бір шақырым қашықтықта, Рыбаки ауылына жақынжердегі жүгері алқабына қонған. Барлық жолаушылар эвакуацияланды.

Ұшақтыңбортында 230 адам, соның ішінде 223 жолаушы - 41 бала болған.

Жеделқызметтегі дереккөздің мәліметінше, ұшақтың қозғалтқышы өртене бастаған. Ал,борт өрттен аман қалған. Ұшақтың қозғалтқышы қонып жатқан кезде жанып, түсіпқалған.

Әуекомпаниясының бас директоры Сергей Скуратов апаттық қонудың дұрыс орындалғанын,ұшқыштардың әуе кемесінің өртеніп кетуіне жол бермегенін хабарлады.

Оқиғасалдарынан 55 адам, соның ішінде 17 бала зардап шекті. Алты адам, соның ішіндебесеуі (біреуі бала) Раменский ауруханасына, бірі – Жуковский ауруханасынажеткізілген. Адамдар жеңіл жарақат алған. Барлық жолаушылар сақтандырылған,сондықтан өтемақы алады.

Оқиғаорнында 20 жедел жәрдем бригадасы және екі тікұшақ жұмыс істеп жатыр.

Әуетасымалдаушының бас директоры Сергей Скуратовтың дерегі бойынша, ұшақтың екіқозғалтқышы да істен шыққан. Оған құс кіріп кеткен. Ұшақ айтарлықтайзақымдалып, таяу уақытта рейс жасамайды. Қонып жатқан кезде оның тонналағанотыны ағып кеткен.

Көлікпрокуратурасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Арнайы комиссия құрылып,қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар