Мәскеу маңында зейнеткердің 40 мың доллары мен 1 келі алтын шақалары ұрланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу маңындағы үйлердің бірінде тұратын зейнеткерден 40 мың АҚШ доллары мен салмағы 1 кг болатын алтын шақалар ұрланды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Ресей астанасының полиция қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік таратқан мәліметтерге қарағанда, зейнеткерге келтірілген шығынның көлемі 5 млн 700 мың Ресей рублін құраған.

Ұрлық 7 наурыз күні болған.

«Полицияға 1958 жылғы зейнеткер шағымданып, белгісіз біреулердің Жаңа Мәскеуде орналасқан үйінің терезесінен кіріп, 40 доллар мен алтыннан құйылған, салмағы 1 кг болатын коллекциялық шақаларды ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген жалпы шығынның көлемі 5 млн 705 мың 720 рубль болды»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Аталған оқиға бойынша полиция «Аса ірі көлемде ұрлық жасады» деген баппен іс қозғады.