Мәскеу маңында жолаушылар мінген автобус аударылып, 20 адам зардап шекті

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеу маңында Домодедово ауданында автобус аударылып қалды. Көлікте 29 жолаушы болған. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«А-107 трассасында жолаушылар автобусы аударылып қалды. Көлікте 27 жолаушы мен екі жүргізуші болған»,-деді агенттікке ақпаратты берген азамат.

Осы оқиғаға байланысты түксен соңғы мәліметтерге қарағанда, оқиғаның салдарынан зардап шеккендер саны 20 адамға жетті. Олардың біреуі бала. 13 адам осы кезде Домодедово ауруханасында жатыр. Тағы 7 адам Подольскінің жарақаттар бөліміне жеткізіледі. Зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетілуде.

Автобустың аударылуына жүргізушінің қателігі себеп болған. Ол жолда келе жатып, көлікті басқара алмай қалған.