«Оқиға салдарынан ажал құшқандардың басым бөлігінің жасы 30-ға да жетпеген. Судан табылған 8 адамның мүрдесі танылды. Олардың ішінде Бірінші арна телеарнасының қызметкері Лиза Хакимова да бар. Биылғы қазан айында ол небәрі 27 жасқа толар еді», - деп хабарлады телеарнадан.
Е.Хакимова ақпараттық қызмет проюдсері ретінде қызмет еткен. Естеріңізге сала кетейік, Мәскеу маңында гидроплан мен Robinson тікұшағы 8 тамызда мәскеу уақыты бойынша сағат 20.06-да бір-бірімен соқтығысып қалған, салдарынан екеуі де суға құлаған. Тікұшақ бортында төрт адам, ал ұшақ бортында бес адам болған. Тергеушілер апат себебінің бір нұсқасы ретінде ұшқыштардың бірінің қателігін айтып отыр.