31 қаңтардан бастап барлық Мәскеу мектептерінде 1-ші мен 8-ші сыныптардың аралығында бес күнге сабақ тоқтатылады. «Роспотребнадзордың» кеңесі бойынша қабылданып отырған бұл шараның мақсаты - балалар арасында тұмаудың таралуына жол бермеу.
«Біз мектептерге өз сайттарына пәндер бойынша тапсырмалар орналастыруға кеңес береміз, балалар бағдарламадан қалып қоймау үшін, сол тапсырмаларды орындай алады», дейді Курнешова ханым.