Мәскеу мемлекеттік университетінің ғалымдары қазақстандық жастардың ғылыми әлеуетіне қызығушылық танытып отыр

None
nbsp;АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың «Ломоносов - 2010» атты ғылыми конференциясы басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының ұйымдастыруымен өтіп жатқан жыл сайынғы ғылыми мәжілістің жұмысына биыл 50-ден астам жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып отыр. Филиалдың директоры Александр Сидоровичтің айтуынша, Ресейдің бас білім ордасы - Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің дәстүрлі конференциясына қатысуға ниет білдіріп жатқан жас ғалымдардың саны жыл өткен сайын артуда. Бүгінде олардың саны 450-ден асып жығылады. «Ал ең бастысы, Ломоносов конференциясына өтініш берген білімпаздардың тақырыптың өзектілігін көрсетіп, зерттей білуін ерекше атап өткен жөн. Мәскеудегі және басқа да елдердегі біздің әріптестеріміз конференцияның бағдарламасын көрген кезде, ондағы тақырыптың әралуандылығы мен жас ғалымдардың зерттеу әдістеріне таңқалып, үлкен қызығушылық танытып отырады», - дейді А.Сидорович.