Аталмыш бағдарламаға ұйытқы болған Журналистер одақтары халықаралық конфедерациясының бас хатшысы, Ресей журналистер одағының хатшысы Ашот Джазоянның айтуынша, бұл курстың ашылуы - бірреттік гуманитарлық акция емес, бұл жаңа гуманитарлық кеңістікке ауысу бастамасы. «Іс жүзінде, бұл болашақ медиа-кәсіпқойлардың ертеңгі күн туралы әңгімесі», дейді ол.
Магистрлік курсқа Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Украина және Эстония елдерінен алғашқы 12 тыңдаушы қабылданып отыр.