Құрылым өкілдері мэрден қалалық мемлекеттік бағдарламалар мен ұзақмерзімді жобаларды соңына дейін жеткізуге дайындығы жайлы сұрады.
Өз кезегінде, қала басшысы өзінің берген уәделерінің барлығын да орындай алатындығын, алайда оған мәскеуліктердің сенімі ауадай қажет екендігін айтты. Осыған орай, С. Собянин отставкаға кетіп, 2013 жылдың қыркүйек айында болатын мэр сайлауына қатысу туралы шешім қабылдаған.
Мәскеу қалалық думасындағы дереккөздердің айтуынша, жақын күндерде Мәскеу парламентінде кезектен тыс отырыс болып, ол жерде депутаттар С. Собянин кандидатурасын қала мэрі қызметіне ұсынбақ.
Мэр сайлауы бірыңғай дауыс беру күні 8 қыркүйекте болмақ. Дәл осы күні Мәскеу облысы губернаторының да сайлауы өтпек.