Мәскеу мешітінде айт намазына 130 мыңға жуық адам жиналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұсылмандар қауымы Құрбан айт мерекесін атап өтуде. Мәскеуде айтулы мерекеге орай Выползов қиылысындағы мешітте 130 мыңға жуық мұсылман бас қосқан.

Сондай-ақ Санкт-Петербордағы мешітке де айт намазына қатысу үшін ондаған мың жамағат жиналған. Ал Қазан қаласында Құл Шәріп мешітіне дұға етіп келушілер қарасы көп болды. Бұл жерде мерекелік намазға 2 мың адам келген.

Құрбан айт мейрамына орай діни шаралар Ресейдің басқа да қалалары мен елді мекендерінде өтіп жатыр, деп хабарлайды РБК.