Мәскеу метросы қызметкерінің апатқа қатысты тұтқындалуының заңдылығы қаралмақ

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ресей астанасының қалалық соты Мәскеу метросында болған апатқа қатысты деген метрополитен шебері Валерий Башкатовты тұтқындау заңдылығын қарайды. Ол көлік қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін айыпты деп танылған болған.

«Аппеляциялық комиссияның Башкатовты қамауға алу, бұлтартпау шараларын қабылдау туралы Басман сотының қаулысын қарауы 11 тамыз күні сағат 11:15-ке тағайындалды», - дейді Басман сотының баспасөз хатшысы Анна Фадеева.

Бұдан бұрын Басман соты тергеушінің сұрауы бойынша жол шеберін 15 қыркүйекке дейін қамауға алған. Сондай-ақ Башкатовтың көмекшісі Юрий Гордов, «Мәскеу метрополитені» МБК жол қызметі күрделі жөндеу дистанциясы бастығының орынбасары Алексей Трофимов пен «Спецтехреконструкция» ЖШҚ қосалқы мердігерлік ұйымының өндіріс жөніндегі директоры Анатолий Круглов тұтқынға алынған, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Еске сала кетейік, апат 15 шілдеде Арбат-Покровский желісінде «Жеңіс саябағы» және «Славян гүлзары» стансалары арасында орын алған болатын. Апат салдарынан 23 адам қаза тауып, 150-ден астам адам зардап шекті.