Қаза тапқандардың бірі 28 жастағы Татьяна Шамшеева туған жері Липецк облысында жерленеді. Қалған марқұмдарды жерлеу орындары әлі анықталмаған.
Қала басшылығынан хабарланғандай, жерлеу рәсімі мен мүрделерді өзге қалаларға тасымалдау шығынын Мәскеу мэриясы өтейді. Соңғы деректер бойынша, апаттан 23 адам қаза тапты. Жапа шеккендердің саны 150-ден асты. Зардап шеккендердің отбасыларына төлемдер төлеу әлі басталған жоқ. Хабарламадағы деректер бойынша, Мәскеу үкіметі әр қаза тапқанның туысына 1 млн. рубль, ауыр жарақат алғандарға 500 мың рубль, орташа деңгейде зардап шеккендерге 250 мың рубль, жеңіл жараланғандарға 50 мың рубль төлейді.