Мәскеу метросында зағип ер адам пойыз астына түсіп, тірі қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Төтенше оқиға мәскеулік метрополитеннің Серпухов-Тимирязев желісінің 'Севастопольская' стансасында орын алды. Онда көзі көрмейтін ер адам келе жатқан пойыздың алдында рельске құлап қалды.

Оқиға Мәскеу уақытымен сағат 13:49-да орын алды, бірнеше минуттан соң жолаушыны платформаға көтеріп алды, деп жазады РИА Новости.

Зардап шегушінің қандай жарақаттар алғаны туралы әзірге хабарланбай отыр.