Мәскеу метросында жарылыс болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні таңертең Мәскеудегі "Коломенская" метросы стансасының вестибюлінде жарылыс болды. Үш адам зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости оқиға орнындағы полиция қызметкеріне сілтеме жасап.

«Алдын ала болжам бойынша, жарылыс дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылардың газ баллонына салғырт қарауынан орын алған», - деп мәлім етті құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Жарылыстан соң бес шаршы метр аумақты өрт шалды. Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері жалынды жылдам сөндірді.

Бұған дейін Мәскеу ТЖМ ММ жарылыс салдарынан екі адамның зардап шеккенін растаған еді.

Жарылыс шамамен 09:20-да стансаның оңтүстік вестибюлінде, Нагатинская көшесіне шығар тұсында болған.