Мәскеу метросындағы апатта қаза болғандар саны 16 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу метросында орын алған апаттан қаза болғандардың саны 16 адамға жетті, деп хабарлады РБК.

Апат кезінде зардап шеккен 118 адам ауруханаға жеткізілді, 50-ден астам адам ауыр жағдайда. Зардап шеккендер Склифосовский атындағы ҒЗИ-ге, №71, №36, №67 ҚКА, Боткин қалалық клиникалық ауруханасына, 1-ші қалалық ауруханаға жатқызылған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 15 шілдеде, таңертең мәскеулік метроның Арбатско-Покровский желісінде пойыз рельстен шығып кетті.