Ондағы мәліметке сүйенсек, сәрсенбі күні тағы бір жапа шегуші көз жұмған.
«Апаттан жапа шеккен тағы бір әйел №67 қалалық клиникалық ауруханада қайтыс болы. Осымен апат құрбандарының саны 24-ке жетті», - делінген Мәскеудің Денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, 15 шілде күні таңертең мәскеулік метроның Арбатско-Покровский желісінде пойыз рельстен шығып кеткен еді. Апат салдарынан сол күні 19 адам қаза тауып, зардап шеккен 161 адамның 118-і ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендер Мәскеудегі Склифосовский атындағы ҒЗИ-ге, №71, №36, №67 ҚКА, Боткин қалалық клиникалық ауруханасына, 1-ші қалалық ауруханаға жатқызылған еді.