Бұл туралы ТАСС агенттігі құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
«Клин қаласында Карл Маркс,87 мекен жайында орналасқан «Сапожок» дәмханасында өрт болды, салдарынан үш адам ажал құшты», - деп мәлім етті агенттік сұхбаттасы.
РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәскеу облысы бойынша Бас басқармасы қайғылы оқиғаны растады. Зардап шеккен төрт адамның үшеуі ауруханада көз жұмды.
Тілсіз жау 48 минутта ауыздықталды.