Мәскеу ормандарында жыландар өріп жүр
09:58, 03 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нөсер мен салқын ауа райы салдарынан Мәскеу ормандарында жыландар күрт көбейді.
Олардың таралымы Троицк және Новомосковский әкімшілік округтерінде, Измайлов саябағы мен Лосиный аралында едәуір өсті, деп хабарлады "Москва 24" телеарнасы.
Бұған дейін Мәскеу облысының орман шаруашылығы комитеті Орехово-Зуевский, Егорьевский, Сергиево-Посадский аудандарында жыландардың көп екенін атап өткен болатын.