Мәскеу орталығында болған өртте 5 адам қаза тапты

АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Мәскеуде Гончарная жағажайындағы ешкім тұрмайтын екі қабатты үйде болған өртте 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг.

Мәскеудегі Ресей ТЖМ бас басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт туралы хабар Мәскеу уақыты бойынша 0 сағат 40 минутта келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 5 адамның мәйітін тапты.

Қазіргі уақытта өрт ауыздықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, адамдар түтінге тұншығып өлген. Оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.