Мәскеу орталығында болған өрттен ТМД елдерінің жеті азаматы көз жұмды

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Мәскеу орталығындағы Үлкен Афанасьев көшесінде болған өрттен жеті адам қаза тапты, олардың барлығы сол жерде аула тазалушы болып жұмыс істеп жүрген ТМД елдерінің азаматтары,

деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг агенттігі.

Ресейдің Мәскеу бойынша ТЖМ бас басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Евгений Бобылев хабарлағандай, олардың барлығы өртте жанған заттардың исінен уланып көз жұмған. Қазір тілсіз жау ауыздықталды.