«Сағат таңғы 7:20-да Большая Якиманка көшесінде «Порше» жүргізушісі көлікті басқара алмай, бағанға соғылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оның ішінде болған екі адам да қаза тапты», - деп баяндады Мәскеу полициясы.
Полицияда қаза тапқандардың есімі туралы нақты ақпаратты ресми растаған жоқ. Алайда БАҚ-қа көліктің ішінде Иркутск облысы бұрынғы губернаторының баласы, 23 жастағы Игорь Есиповский мен танымал бизнесмен Игорь Баллоның баласы, 26 жастағы Талья Балло отырғаны белгілі болды. Иркутск губернаторы Игорь Есиповский 2009 жылдың 10 мамырында Малышкино шатқалында «Белл-407» тікұшағы апатқа ұшырағанда қаза тапқан.