Мәскеу орталығында инкассаторларды 209 млн. рубльге тонады

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеудің орталығындағы Садовничий көшесінде белгісіз үш адам инкассаторларға шабуыл жасады, деп хабарлады астананың құқық қорғау органдарының қызметкері.

«209 млн. рубль ақша ұрланды. Белгісіз адамдар алтын түстес «Вольво» машинасымен із жасырған», - деп әңгімеледі полицей. Бұл туралы «Утро.ру сайты хабарлап отыр.