«Мәскеу орталығында Lexus маркілі шетелдік көліктің жүргізушісіне белгісіз қарудан оқ атылған көлікті табу үшін «Құрықтау» операциясы жарияланды»,-деп хабарлады агенттіктің әңгімелесушісі.
Ресей ІІМ-нің Мәскеу қалалық басқармасының өкілдері «Құрықтау» операциясының жарияланғанын растады.
«Кісі өлтіруге ұмтылу» және «Заңсыз қару айналамы» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға Шмит өткелінде болды. Зардап шеккен азамат 1971 жылы туған. Ол дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.