Қылмыс Дуров көшесі бойында жасалған, деп хабарлады ТАСС.
Жапа шегуші қаскөйлермен далада танысып, оларды өзінің үйіне шақырған. Мұнда ол жаңа таныстарымен ішімдік ішкен. Қонақтар пәтер иесін сабап, оның кеңестік және швейцариялық сағаттар коллекциясын, зергерлік бұйымдарын, екі ноутбук пен екі ұялы телефонын алып кеткен. Бұдан соң ер адамдар іздерін суытқан.
Жапа шегуші ұрланған заттарды 4 миллионға бағалады.