Айта кетейік, ғаламторда белгісіз жастардың Құран кітабын өртеп, былапыт сөздер айтқан видеосы жария етілген-ді. Олар қасиетті кітапты өртегеннен кейін метроға кіріп, онда славяндық емес азаматтан Алладан безінуді талап еткен еді.
«Ресей ІІМ Мәскеу бойынша бас басқармасының бастығы, полиция генерал-лейтенанты Анатолий Якуниннің бұйрығымен арнайы топ құрылып, оның құрамына мәскеулік полицияның бірқатар бөлімшесінің жедел қызметкерлері кірді. Оларға қысқа мерзім ішінде Құран кітабын өртеу сәтін түсіріп, бейнетаспасын ғаламторға салу акциясын ұйымдастырушыларды анықтап, ұстау тапсырылды», - деді ведомство өкілі.