Мәскеу Ресей туын қорлағаны үшін жапон радикалдарын жазалауды талап еттi
16:22, 09 Ақпан 2011
АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Мәскеу Жапонияда «Солтүстік аумақ күні» аталып өткен 7 ақпан күні РФ елшілігінің алдында Ресей туын өртеген ұлтшылдарды жазалауды талап етті, деп хабарлайды РБК.
РФ СІМ хабарлағандай, Ресей тарапы Жапон билігінен бұл әрекетті лайықты тергеп, кінәлілерді жазалауды талап етуде. Ведомство жапон тарапынан Ресей елшілігінің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауды және 7 ақпандағыдай әрекетке жол бермеуді сұрап отыр.