Мәскеу Сириядағы жағдай бойынша БҰҰ Жарғысының ұстанымдарын қорғауға бар күшін салады - РФ СІМ

МӘСКЕУ. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Сириядағы шиеленісте Мәскеу халықаралық құқық, БҰҰ Жарғысы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің дәргейін қорғау үшін бар күшін салмақ.

Бұл туралы бүгін Мәскеуде ОАР СІМ басшысының қатысуымен өткен баспасөз мәжілісінде Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.

С. Лавровтың айтуынша, Сирияға қатысты ішкі әскери операция жүргізілсе, бәрінен бұрын лаңкестік әрекеттерден сол аймақтың елдері жапа шегеді.

«Бұл елдер Иракқа басып кіргенде арты не болғанын біз көрдік. Ливиядағы жағдай да соның дәлелі. Ресми мәліметтер бойынша, 12 елге қару тарап кеткен, сол елдерге содырлар орнығып алған», - деді ол. - Демек біз адам өмірін бірінші орынға қойып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, әрекет етуіміз керек».

Ол әлемдік қауымдастықты террористік әдістер арқылы саяси мақсатқа қол жеткізуді көздеген жеке мүдделерді емес, өздерінің саяси мақсаттарын көздегендерге қарсы ұстанымдарды ұстануға шақырды.

«Егер біреулер халықаралық құқықты сыйлап, БҰҰ мен Қауіпсіздік кеңесін нығайтудан гөрі қолдан басқарылатын хаос пайдалырақ десе, онда біз онымен келіспейміз және өзіміздің тарапымыздан халықаралық құқық, БҰҰ Жарғысы мен Қауіпсіздік кеңесінің дәргейін қорғауға бар күшімізді саламыз», - деп сөзін қорытындылады РФ СІМ министрі.