Сот шешімі бойынша, Сарманов 6 желтоқсанға дейін қамауда болады. Сотта ол пойызбен соқтығысар алдында жүргізуші мен жолаушылардың өткелде өшіп қалған автобусты қолдарымен итеріп қозғамақшы болғанын хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, шлагбаум жабылғаннан кейін жүргізушілер жолаушыларды автобустан шығуға шақырған. Бірақ олардың көпшілігі ұйықтап жатқан, араларында ішіп алғандары да болған. «Біз бәрің шығыңдар, деп айқайладық, бірақ адамдар ұйықтап жатты, бірқатары мас болды»,-деді Сарманов.
Жүргізушінің атап өтуінше, автобус сапарға шығар алдында ақаусыз болған.