«Жарылыс салдарынан үйдің иесі - 64 жастағы зейнеткер басы мен қолының ауыр жарақаттары салдарынан көз жұмды. Тергеу мәліметтерінше, ер адамның денесін үйінің ауласында зайыбы тапқан. Оның айтуынша, 15 жылдай уақыт бұрын оның жұбайы граната тауып алғанын айтып берген көрінеді. Алайда, әйел күйеуінің оны қайда сақтағанын білмеген», - деп хабарлады МТБ-дан.
20:22, 18 Мамыр 2016
Мәскеу түбінде зейнеткер 15 жыл бұрын өзі тапқан гранатадан көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу түбінде зейнеткер 15 жыл бұрын өзі тапқан гранатаның жарылуынан мерт болды. РФ ТК-нің Мәскеу облысы бойынша Бас тергеу басқармасынан ТАСС агенттігіне хабарлағандай, жарылыс сәрсенбі күні Егорьев ауданындағы Горшково кентінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйлердің бірінің аумағында болды.