Мәскеу түбіндегі бақша серіктестігінде 100 килограмнан астам есірткі тәркіленді

Фото: None
МӘСКЕУ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Мәскеу облысының Талдом ауданындағы Сорокино деревнясындағы бау-бақша серіктестігінде екі жұмыссыз ұсталды, олардың қорасынан жалпы салмағы 102 килограмм тартатын марихуана мен қарасора тәркіленді,

деп хабарлайды ҚАзАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, олардан сыйымдылығы 1-ден 5 литрге дейін  15 шыны ыдыс, жалпы салмағы 12 килограмм 150 грамм тартатын марихуана салынған 7 полиэтилен орам, сондай-ақ жаңа шабылған қарасора шөбі мен 4 килограмм қарасора тұқымы тартып алынды.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.