Мәскеу түбіндегі циркте қабылан әйелге және 3 жасар балаға атылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу түбіндегі Подольск елді мекеніндегі циркте көрсетілім кезінде қабыланның қарғыбауы ағытылып кетіп, көрермендер арасында отырған әйел мен оның 3 жасар сәбиіне атылған, деп хабарлайды РИА Новости.

Абырой болғанда, қабыланның машықтандырушылары оны дереу ажыратып алыпты.

Жарақат алған жапа шегушілер бірден травматология пунктіне жеткізілген.