Мәскеу тұрғыны Қазақстанға танк сатпақ болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Челябі облысының соты Мәскеу тұрғынын 2015 жылы Т-34-85 маркілі танкісін пойызбен Қазақстанға жеткізбек болғаны үшін шартты түрде 3 жылға соттады. Бұл туралы Риа Новости агенттігі Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің Челябі облысы бойынша басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Карталы қалалық соты Мәскеу тұрғынан Ресей аймағынан Кедендік Одаққа мүше мемлекеттердің шекарасына ірі көлемдегі мәдени құндылықты заңсыз алып өтуге ұмтылғаны үшін кінәлі деп тапты. Сот ер азаматты 1 жыл 6 айлық сынақ мерзімімен шартты түрде 3 жылға соттады»,-делінген хабарламада.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, құжаты бойынша Ресейдің мәдени құндылығы саналатын танкті мәскеулік Латвиядан 20 мың еуроға сатып алған. Алайда ол, салықтың тым қымбат болуына байланысты Ресейден мәдениет құндылығын алып шығу жөнінде рұқсат алмаған.

1945 жылы шыққан әскери машинаны шекарашылар 2015 жылы Ресей мен Қазақстан шекарасы арқылы кетіп бара жатқан темір жол құрамын тексеру барысында анықтаған. Осы кезде танк мемлекеттің иелігіне қайтарылды.

2016 жылдың 8 желтоқсаны күні кеден қызметкерлері Калининград-Мәскеу бағытында кетіп бара жатқан пойыздың әжетханасынан Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған қару-жарақ қоймасын тапқан.