Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк хабарлағандай, Приморье астанасындағы көлік полициясының қызметкерлеріне авиакомпания өкілдерінің бірі хабарласқан.
Ол әуе кемесінің бортында жолаушылардың бірі сөмкесін ұмыт қалдырғанын айтқан. Тәртіп сақшылары одан қымбат ұялы телефон, планшет және ақша тапқан. Сөмкеде ешбір құжат болмаған.
Полицей заттың иесі 53 жастағы Приморье тұрғыны екенін анықтады. Полицейлер оған хабарласып, заттарын қайтарып берді.
Ер адам қатты шаршағандықтан қолында не бар екенін есте ұстамаған, заттарының жоқ екенін ІІМ-ден хабарласқанда бір-ақ білген.
Айта кетейік, сәуір айында ерлі-зайыптылар Қытайға бағыт алған ұшақта өздерінің он жасар қызын қалдырып кеткен.
Фото: Daniel Kalker / dpa / Globallookpress.com