Орыс Православ шіркеуінің басшысы мұнда Астанадан келді. Бұдан бұрын хабарланғанындай, оның елімізге сапары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен ұйымдастырылған. Патриархтың қасына Астана және Алматы митрополиті Мефодий еріп жүр.
Кездесу Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтуде. Оның көрермендер залында дыбыстың естілуі жақсы. Оның үстіне ғимарат елдің тарихи мәдениет және сәулет ескерткіші. Ол Ұлы Отан соғыс жылдарына «Қазгор» жобалау академиясының мамандарының жобасымен салынған. Мұнда классикалық қазақ ұлттық мәдениетінің дәстүрлері мол пайдаланылған. 2008 жылы мұнда күрделі жаңарту жұмыстары жүргізілді. Театрдың көрермендер залы 800 орынға есептелген.
Зал лық толы. Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилдің сапарының көпұлтты Қазақстан үшін ерекше маңызы зор. Кездесуге жиналғандардың арасында еліміздің бірінші ханымы Сара Назарбаева да бар.
Осы кездесуден кейін Патриарх Кирилл Никольск соборында құлшылық рәсімін өткізеді, мұнда 1995 жылы Алексий ІІ дұға оқыған. Осы жылдары Қазақстанда елдегі жұмыс жасап тұрған православ храмдары мен соборларының үштен екісі жаңартылды (қазір олардың саны 300-ге жуықтайды, алты монастырь ашылды).