деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараға Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұртай Әбіқаев және діндар азаматтар мен жергілікті православ жолын ұстанатын христиан дінінің өкілдері, сондай-ақ журналистер қатысты. Рәсім барысында Успен кафедралық соборының қызметкерлері Орыс Православ шіркеуінің басшысына осы сапары үшін алғыстарын білдірді. Олар шіркеудің бой көтеруіне байланысты өздерінің қазақстандықтарға деген жылы лебіздерін білдірді. Шіркеу өкілдері Қазақстанның бір кездері Кеңес өкіметінің тұсында елімізге сырттан мәжбүрлі түрде қоныс аудыралған көптеген азаматтарды құшақ жая қарсы алған көңілі дарқан, қонақжай ел екендігін атап өтті. Сондай-ақ олар шіркеудің бой көтеруіне көптеген қазақстандық азаматтардың үлкен үлес қосқандығын жеткізді.
Өз кезегінде бүгінгі шараның мән-маңызына тоқталған мәртебелі мейман Қазақстан Президенті мен қазақ халқына осындай өнегелі істері үшін зор алғысын білдіріп, шіркеудің барқатар лауазым иелерін арнайы ордендермен марапаттады. Сондай-ақ ол шіркеудің бой көтеруіне үлес қосқан бірқатар Қазақстандық азаматтарды да арнайы ордендермен марапаттап, сый-сыяпат жасады.