Мәскеу жұртшылығына қазақстандық дизайнерлердің топтамалары ұсынылды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық дизайнерлер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мәскеудегі «Mercedes Benz Fashion Week Russia» жоғары сән апталығында өздерінің коллекцияларын ұсынды. Бұл жайлы «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі хабарлайды.

Мәскеудің «Манеж» орталық көрме орталығында сән саласында талғамы жоғары жұртшылық Aida KaumeNOVA, Alexey Chzhen, Naiyl Baikuchukov және Dinara Satzhan брендтерімен шығатын қазақстандық дизайнерлердің туындыларын тамашалады.

«Бұл топтаманың ерекшелігі - оның ұлттық бояуларға қанықтығында. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі бейбітшілік және келісімде өмір сүріп жатыр. Біз барлығымыз қазақстандықпыз. Және әрқайсысы ұлтына қарамастан, өз дәстүрі мен мәдениетін көрсетіп жатыр. Сол себепті біз бүгін дизайнерлердің тек ұлттық қана месе, қазіргі заманға сай топталамаларын да ұсынып отырмыз. Дегенмен, топтамалардың барлығында қазақстандық өрнек, мата, түс бояулары қолданылған», - деді өз топтамасы жайлы Kazakhstan Fashion Week құрылтайшысы Алексей Чжен.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы - дұрыс бағыт. Адамның рухани жаңғыруымен жұмыс істеу керек. Егер адам мәдениеті мен рухани қазығынан алыстап кетсе, бұл ұлттың жойылуына алып келеді. Туған еліміздің тарихы мен дәстүрін бағалап, құрметтеуіміз керек. Сол себепті, өнерді, соның ішінде сән үлгілерін дамыту қажет деп есептеймін», - деді ол.

Белгілі қазақстандық дизайнер Аида Кауменованың айтуынша, ол өзінің топтамалары арқылы Қазақстан мәдениетінің терең де бай екенін көрсетуге тырысқан.

Қазақстандық дизайнерлердің шеберлігіне тәнті болған көрермендер әр көрсетілімді үлкен қошеметпен және гүл шоқтарымен қарсы алып отырды.