Полиция қызметкерлері күдікті кәсіпкер металлургиялық ұйымдардың акцияларын сату, қайта сатуды жүзеге асыратын компаниялардың бірінің өкіліне 479 акция сатып алуды ұсынғанын анықтады.
Күдікті 300 млн. рубльге сатып алу-сату шартына қол қойып, өз есебіне 30 млн. рубль алдын ала төлем алған. Алайда ол өз міндеттемелерін орындамай, ақшаны иеленіп, байланысқа шықпай қойған. Аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.